Қарғам, хəлің жақсы ма?! Мені қарттар үйіне апарып өткізгелі бір ретте хəлімді сұрап келмедің-ау… Келем дегенің қане? Бітпейтін іс-сапарда жүрсің бе? Мен сенен күдер үздім. Саған енді бұл жерден мені əкет демеймін.
Келмедің, күттім! Көңіл құсым сені жəне немерелерімді аңсайды. Тентектерімнің əрбір қылығы жадымнан кетпейді. Түн сайын түсіме кіреді. Ұйқы дейтіндей қайбір ұйқы көреді дейсің, жай ұйықтаған боламыз.
Ұмытпа! Мен – анамын, тілекшісі дəйім баланың. Жүрегімде жасырулы жара мың, кешіп өтер дəрменім жоқ, кесірлердің адам аспас аралын. Мен – анамын, анық ұғар өмір сауалын. Сен жаңылдың сауалдан,
қате болды жауабың. Əкең қайтқан уақытта мен қаншада едім? Тұп-тура жиырма төрт жаста едім. Жастығымды сенің жолыңа арнадым. Сені осы күнге жалғыз жеткіздім. Саған қолымнан келгенінше жақсы ана бола алдым. Ал, сен ше? Маған жақсы перзент бола алдың ба? Ойлан!
Балам-ау! Сенен басқа жақын жалғанда ешкімім жоқ еді. Сенгенім, сүйенгенім, тірегім – сен едің. Мен сенің жарыңды қызымдай жақсы көрдім. Еш көңіліне тимедім. Ол мені келін болып түскен күннен ұнатпады. Менің аналық ақылымды еш құлағына ілмеді. Сен бəрін білдің. Үндемедің. Басындырдың. Тия алмадың. Ер адам – намыс пен қайратты ту етпесе, сөзі өктем шықпайды. Отбасында билігі болмайды. Мінезді жан едің, алып тұлға нар едің ғой…
Бұл жақта жағдайым жақсы деп санайсың ба? Жоқ. Он төрт бөлмелі үйіңе сыймадым. Келіннің иті мен мысығы жүрген жерде маған орын табылмады. Бар дүниедегі қызығымнан айырдың. Мехмет пен Айша мені іздеп жылаған кезде не дедіңдер? Мені өлді дедіңдер ме? Маған келген қарттық сендерге де жетеді. Мен ренжімеймін. Мені өз үйімнен қуған сен емес. Келіннің ауыр сөздерін естімес үшін өзім де осы жаққа келмек едім. Мен ешкімнің тілдегеніне шыдай алмаймын. Намысымды ешкімге таптата алмаймын. Сол себептен үйден кеттім. Сен іздей ме дедім. Жоқ. Келмедің. Анаңды керек қылмадың.
Мұрат, немеремді дұрыс тəрбиеле. Мен саған ер адамның болмысын бойыңа сіңіре алмаған шығармын. Сондықтан, азаматтықты бойына дартуға тырыс.
Аман бол! Тентектерді мен үшін құшағыңа қысып, бетінен сүй, қарғам!
Гүнай Текин 🍂
Түрік тілінен аударған : Мейірхан Мейрамбекұлы. 🖊